Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Сонымен, оның айтуынша, жоғары эпидемиологиялық қауіпті аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары енген. Өткен аптада Павлодар және Жамбыл облыстары «қызыл» аймаққа кірді.