Түркі мәдениетінің үлкен тарихи даму дәстүрі бар ең маңызды салаларының бірі - түркі көркемөнері. Археологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, прототүрк мәдениетінің іздерін сақтап қалған ғұн көркемөнері де дәл сақтардікі секілді өте көне. Ғұн түркілерінің материалдық мәдениет үлгілерінде өз көрінісін тапқан бірқатар элементтер, әсіресе, қаһармандық сарындар кейіннен әр алуан көркемөнер салаларында дүниеге келген туындылардың сюжеттік желісіне айналып отырды.