Абай Құнабайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Семей қаласында ашылған "Абай жолы" аллеясы бүлініп жатыр. Төселген тастары тесіліп, жарығы өшкен. Ал Жидебайда жөнделген "Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінің" төбесінен су ағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.