«Ұмыт болған хандар» сериясын жалғастырамыз. Қасым ханнан кейін Қазақ хандығы бес-алты хандыққа бөлініп кетті. Жәнібектің ұлдары мен туыстары жеке-жеке хандық құрып, бөлініп кетті. Бірі Жетісуда, бірі Сырдарияда, бірі орталықта отырып билік жүргізді. Есесіне бір-бірімен қырқысты. Ал бұл өз кезегінде ноғай, өзбек, моғол секілді сыртқы жауларға тиімді болды.