Семейде жедел жәрдем станциясының фельдшері өзін ұрып-соғып, жұмыстан шығарғанын мәлімдеді. Оның болжамынша, бұған коронавирус бойынша берілетін төлемдерді талап ету себеп болған. Ол жұмыстан шығарылғанға дейін бірнеше рет арыздан бас тартуға мәжбүрлегенін және жоспарлы жиналыстарында қорлық көргенін айтты.