Алматыда жаңа оқу жылына дайындық басталды. Білім басқармасы кейбір сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқуға мәжбүр болатынын жоққа шығармайды. Бұл ретте ата-аналар мектеп чаттарында вакцина салдыруын сұрап жатқанын айтады, әйтпесе балалар кезекші топтарға бара алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.