Шымкентте тұрғындар мен шенеуніктер стадион үшін жаға жыртысуға дейін барды. Оған себеп, Қызылжар шағын ауданында орналасқан спорттық алаң орнына емхана салу жоспарланыпты. Ал жергілікті халық болса, 60 жылдық тарихы бар стадионды жекенің қолына бере салуға қарсы. Бұл жерге емхана түсетін болса, жақын маңда орналасқан үйдің тұрғындарына вирус тарайма деп қорқатындарын жасырмайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.