Маңғыстау өңіріндегі бес бірегей жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізіліп, әлемдік мәдени мұра мәртебесіне бір қадам жақындады. Бұл нысандар: Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан үпі, Шопан ата және Бекет ата жерасты мешіттері. Қасиетті орындарды ЮНЕСКО өкілі арнайы келіп аралап, қажетті құжаттарды алып кеткен. Қорытынды шешім алдағы жылы жарияланбақ, деп хабарлайды e-history.kz порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Басқа