1980 жылдардың аяғына қарай дүниені дүр сілкіндірген, сол кездегі жастардың кумирі болған “Ласковый май” тобының әншісі Юрий Шатунов бір сұқбатында: “Жаныма ең жақын адам – Валентина Тазекенова. Ол менің екінші анам,” – деп айтып қалды. Шатуновтың жақын адамы кім екен деп үнемі жаңалықтарына құлақ түріп жүретін жандардың бірі мен де әлгі адамның фамилиясына елең ете қалдым.