Шығыс Қазақстан облысындағы жетімдер үйінде өскен азаматтар мемлекет қамқорлығынан құр қалдық деп шағымданып жатыр. Басқасын айтпағанда, баспана мәселесі басты проблемаларына айналыпты. Олар талай жыл кезек күтіп әрең алған үйлерін жекешелендіре алмай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.