Ресей Федерациясы Курск облысына КХДР әскерилерін қосқанда 50 мың жауынгер жинады. The New York Times сұхбаттастарының айтуынша, ресейлік әскерлер бұған дейін Курск облысындағы украиналық позицияларға зымыран мен артиллериямен шабуыл жасаған, бірақ әлі ол жерде үлкен қарсы шабуылға кіріспеген. Дегенмен АҚШ-тағы NYT дереккөздерінің пайымдауынша, Ресей қазір Украинаның шығысынан өз сарбаздарын шығаруды қажет етпей-ақ қарсы шабуыл үшін айтарлықтай күш жинады, бұл Мәскеуге бір уақытта бірнеше майданда қысым көрсетуге мүмкіндік береді.