Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері жер мәселесіне қатысты дау-дамай туындаған Алматыдағы бірқатар шағын ауданның тұрғындарымен кездесті. Айта кетсек, партиялық комиссияның көмегімен Бутаковка ауданындағы 5 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Онда жойылуға шақ қалған алма бағы бар. Алайда аманаттықтар биыл күзде жергілікті …