Адам бойындағы ең қасиетті сезім – Отанға деген сүйіспеншілік. Отанын, елін, туған жерін, мемлекетін, отбасын жанымен сүйетін азаматтары бар елдің еңсесі әрдайым биік. Бұл сөздерді айту қаншалықты оңай болғанымен салмағы зіл батпан ауыр, мағынасы түпсіз терең.