Отан ана, атамекен, туған жер деген сөздер халқымыз үшін ең қасиетті ұғымды білдіреді. Осы сәтте адам бойындағы отаншылдық рух, патриоттық сезім деген қандай болуы керек деген сауал еркісіз ойымызға оралатыны анық. Отанына, еліне, жеріне, отбасына, мемлекеттік рәміздеріне сүйіспеншілікпен қарау, адал еңбек ету, арлы азамат болу кемелдіктің белгісі деуге болады. Адамның Отанға деген сүйіспеншілігін тек анасына деген махаббатпен, әкесіне деген құрметпен ғана салыстыруға болады. Отан дегенде жүрегі елжірмейтін адам кем-кемде кем шығар. Адамға ең қымбат бұл сөздер халқымыздың бойындағы отансүйгіштік қасиеттің тереңдігін аңғартады.