23 тамызда Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын жоғалып кеткен 19 жастағы ұлын іздеуге жәрдемдесуді сұрап, өтінішпен жүгінген. Ол бір күн бұрын дүкенге кетіп, үйге қайта оралмаған. Жас жігіттің телефоны да өшіріліп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.