Қостанай облысында жас қыздарды бопсалаумен айналысқан екі ер адам ұсталды. Олардың біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаскөйлер жас қыздардың сеніміне кіріп, олардың интимдік фотосуреттері мен видеосын желіге тарататынын айтып қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.