Астана сотында 2023 жылы 18 маусымда орын алған Kaspi банк бөлімшесіне шабуылдау ісі бойынша прокурор сөз алды. Сөз жарыс кезінде мемлекеттік айыптаушы соттан Әлихан Мурадовқа 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.