1 желтоқсанда кешкі уақытта қалалық полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізген. Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы іздеу жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.