Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Құжат мәтіні мынадай: «Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым, № 920», – делінген Ақрданың сайтындағы Жарлықта.