Осы күндері Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстел қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Мемлекет басшысы өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа […]