Адамзат баласының екінші ұстазы Әбунасыр әл Фарабидің «Адамзаттың қас жауы тәрбиесіз берілген білім деген» жоталы сөзін бәріміз де білеміз ғой. Рас, тәлім-тәрбиесіз ешбір ұлттың келешегі жоқ. Осыны жіті түсінген ХХ ғасыр басындағы алаш интеллигенциясы да алғаш болып іргелі еңбектер жазды. Аталған еңбектер хақында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, Философия докторы (РhD) Дәурен Омаров мырзамен осы мәселелер жөнінде аз-кем әңгіме құрған едік.