Қазақстан қоғамы елімізде Атом электр станциясын салу-салмау мәселесінде екіұдай пікірде. Күрмеуі көп мәселе қоғам талқысына түскелі де бір жыл уақыт өтті. АЭС Қазақстанға қажет пе? Шынымен электр энергиясына тапшылық бар ма, әлде бұл қолдан жасалған тапшылық па? АЭС салу бізге не береді? Ондағы қауіп қандай? Тариф өсе ме? Экологияға әсері қандай? Осы сынды көпшілікті мазалаған сұрақтардың жауабын алу үшін Қазақстанның Электроэнергетика қауымдастығының төрағасы Талғат Кеңесұлы Темірхановпен «Ұлыс» алаңында сұқбаттасқан едік.