Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери тұтқындар тақырыбы соңғы жылдары ғана қозғала бастады. Онда да там-тұмдап. Олардың кейінгі тағдыры қалай болды? Олардың бәрін бірдей сатқын деп айтуға бола ма? Осы тақырыпта соңғы жылдары талмай ізденіп жүрген азамат БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, "DANA" орталығының ғылыми қызметкері, «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төс белгісінің иегері Ахмедияр Батырхановпен сұхбаттасқан едік.