Жуырда ғана Алматыға барған сапарымызда Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйіне барып, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен жіті танысып қайтқан едік. Қазақтың тұңғыш профессоры атанған, қазақ ғылымына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосқан тұлғаның өмір жолы, істеген еңбегі, азапқа толы тағдыр жолы кім-кімді болмасын, толғандырмай қоймасы анық. Ал бірақ оны зерттеп жүрген кімдер бар дегенде, санаулы адамның есім-сойы ауызға ілігеді. Қош, сонымен осы жолғы сапарымызда Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі жетекшісі, «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры Райхан Имаханбетпен сұхбаттасудың реті туды.