Әлеуметтік ғылымдарда берілетін әлеуметтанулық анықтамада «қоғам» деп қауымдастық пен ұлтты немесе гоеграфиялық аумақты, экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды, жеке мінез-құлық пен өзара әрекеттесуге қатысты сенімдерді тоғыстыратын, ұзақ уақыт өмір сүретін үлкен топтастықты атайды. Оның мәдени, рухани, саяси, тарихи және басқа да аядағы дұрыс бағытта қалыптасып, дамуына сол қоғамда өмір сүретін қоғамның кез келген мүшесі ықпал етеді. Демек мемлекеттің әділетсіз, білімсіз, жемқор, рулық-тобырлық түсініктегі қоғам арқылы басқарылып, деградацияға ұшырауына да немесе жетілген азаматтық, құқықтық, мәдени қоғамның пайда болуына да әрқайсымыздың белгілі бір деңгейде үлесіміз бар. Қош, сонымен бүгін осы және өзге тақырыптар төңірегінде, әсіресе кино, қазақ фильмдеріндегі әйел бейнесі, постколониализм, десоветизация, Алаш идеясы, демократиялық құндылықтар, білім мен мәдениет хақында белгілі кинотанушы, мәдениеттанушы Әсия Бағдәулетқызынан сыр тартып, сұхбаттасып көрген едік. Ендеше сол әңгімемізді қадірлі оқырманның назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз...