Балалар үйіне ай сайын қомақты қаржы бөлінеді. Олардың санын қысқарту үшін сол қаржыны бала асырап алушыларға беру жайлы Мәжілісте бастама көтерілді. Алайда әлеуметтанушының пікірінше, капиталистік қоғамда бұл бастаманы жүзеге асыру қиынға соғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.