Тарих – алып мұхит. Оның тереңіне бойлап, құлаш сермеген де, жағасына ғана барып, кері қайтқан да тарихшылар жетерлік. Біздің қоғамда тарихи сана көп жағдайда рулық, ағайындық, туыстық деңгеймен қалыптасатыны жасырын емес. Әрине, өз тарихы мен танымын білу – әр ойлы азамат үшін парыз. Дегенмен өз тарихынан идеал тарих жасап алатын жасанды тарихи білім түптің түбі құрдымға кететінін мына жаһанда болып жатқан процесстер дәлелдеп те келе жатыр. Шын тарих қай тарих? Біздің қазақ тарихында әлі қандай шындықтар айтылмай жүр? Осы және өзге де маңызды тақырыптар жөнінде біздің порталымыздың тұрақты жазарманына айналған белгілі тарихшы Бөрібай Кәртенмен сұхбаттасып, көкейдегі біраз сауалға жауап алған едік. Ендеше сол сұхбатымызды қадірлі оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз!