Өткен жылы Моңғол Халық Республикасының президенті У.Хүрэлсүхтің алғы сөзімен Ұланбатыр қаласында «Бүркіт» (моңғолша «Бүргэд») атты үлкендігі төре табақтай фото альбом жарық көрді. Авторы Чойжилжавын Батзаяа деген азамат. Кітаптың басты тақырыбы – Алтай туының теріскей бетінде өмір сүріп жатқан байөлкелік бүркітшілерінің өмірі, тыныс-тіршілігі, бүркітпен аң қаққан сәттері, саят-салбурын құрған кездері, түз құсын қолға түсіріп, оны баптап-баулуы қатарлы жүздеген көрістер фотобейне және әңгіме-сұхбат форматына берілген. Бұндай кітап құсбегілік отаны біздің елімізде жоқ.Бір таңданарлық жағыдай – кітап авторының маманы кәсіби фотограф. Соңғы 20 жыл бойы бұл жігіт Бай-Өлкенің тау-тасын аралап, жергілікті құсбегілердің қосында түнеп, олардың аң қаққан сәтін аңдап, қыран құстың қанат қағысынан тартып, қасқыр алғанға дейінгі күллі тірлігін суретке түсірген екен. Осы суреттері әлемнің өте танымал газет-журналдарында жарық көріп, жалпақ ғалам қазақты таныған. Бір таңданарлық дүние – қазақтың құсбегілік өнері 2010 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдеи мұра тізіміне Моңғолия атынан тіркеліпті. Бұған ғаламды шарлап кеткен Батзаяаның да фотолары себеп болғанға ұқсайды.Моңғолиялық фотосуретші жуықта Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келген екен. Осы сәтті пайдаланып сұхбат жасап үлгердік.