Былтырғы жылы рухани өміріміздің зор табысы болған «Жошы хан» драмасы театр сахнасында болған сайын аншлагпен өтіп жатыр. Қазір қоғамда ұлттық және рухани құндылықтарға шөлдеу бары байқалады. Адам материалдық жағдайын реттеген соң барып білімін арттырып, танымын кеңейтетін жол іздейтін тәрізді. Бұл орайда ұлттық сананы, тарихи сананы қалыптастыратын, адами құндылықтарды дәріптейтін «Жошы хан» сынды психологиялық драмалардың болуы көктен іздегенін жерден тапқандай қуанары хақ. Біз осындай сауалдарды драма авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы-драматург Думан Рамазанға қойып көрдік.