Гарвард университеті антропология факультетінің докторантура бөлімінде оқитын Алекс Уорбертон өткен жылдың қараша айынан бері Қазақстанда зерттеу жүргізіп жүр. Елдегі тіл саясатына, соның ішінде Алматы секілді ірі қаладағы тұрғындардың сөйлеу стиліне басты назар аударып жүрген ол көшпенділер мұрасына да қызығушылық танытады. Жуырда Aul Inspired жобасы аясында Қазақстан ауылдарын аралап, бар білгенін балаларға үйретпек. Қазақша емін-еркін сөйлесе …