Еліміз жас талаптарға өте бай. Әсіресе, қазақтың рухани тәуелсіздігі, ұлттық санасы мәселесіне батыл қалам тербеп, белсене атсалысып жүрген жас қалам иелері өте көп. Сондай ойлы жастың бірі – жас қаламгер, ғалым, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Қанат Алтынбек. Қанат –Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында жұмыс істейтін зерттеуші. Ізденімпаз зерттеушімен кезігіп, әңгімеге тартқан едік.