Тамыз айында есімі түркі әлеміне белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, тарихшы-қаламгер, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ғалымның артында қаншама мұрасы қалды. Бітік тастың білгірі атанған ғалыммен үстіміздегі жылдың сәуір айында сұхбат алған алған едік. Сұхбаттың алғашқы бөлігін тамыз айында Qazaqstan tarihy порталына «Қаржаубай Сартқожаұлы: Мәтін – бұл тарихи дерек» атты тақырыппен жариялап едік. Екінші бөлігін қысқартып, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.