Үстіміздегі айдың тамыз айында есімі түркі әлеміне белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, тарихшы-қаламгер, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті профессоры Қаржаубай Сартқожа 78 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ғалымның артында қаншама мұрасы қалды. Түркі әлеміне қатысты әлі де зерттеу күтіп отырған тақырыптар қалды. Биылғы жылдың наурыз айында Қаржабай Сартқожа ағамызбен телефон арқылы сөйлесіп, «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» туралы аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз. Шынында ғалымның жоғарыдағы үш томдық еңбегі өмір бойы жинаған қазынасы. Ағамыздың өзі сұхбатында айтқандай, бұл үш томдықта автордың түркология саласындағы отыз жылдық еңбегі қамтылып отыр. Ендеше бітік тастың білгірі атанған ғалыммен сырласқан сұхбатымых бірнеше ай диктофонымызда жатып қалған еді. Соны оқырман назарына ұсынсақ.