1992 жылы 7 мамырда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Биыл еліміздің Қарулы Күштеріне 31 жыл толды. Осы уақыт аралығында еліміздің әскери әлеуетіндегі өзгерістер мен жаңалықтар жөнінде әскери сарапшы мамандардың пікірін білдік.