Алаш, Алаш қозғалысы, Алаш қайраткерлері жайлы сөз қозғау – қазақ бар кезде өшпейтін, өлмейтін тақырып. Өткен жолғы сұхбатымызда «Ақпан төңкерісінің тарихи мәні неде?» деген тақырыппен сол кездегі Алаш қайраткерлерінің рөлі жөнінде, оқиғаның қалай болғаны жөнінде көлемді сұхбатты жариялағанбыз. Қойылған сұрақтарға жауап берген әрі өзі жинап, зерттеп жүрген мәліметтерін айтқан спикеріміз – Астана қаласындағы Д. Қонаев атындағы 66 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі, 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістері кезеңіндегі Орал облысындағы қазақ зиялыларының қызметін зерттеген тарихшы Гүлнұр Шайхиева еді. Бүгін міне, сол кісімен енді Қазан төңкерісі хақында тілдесіп, қадірлі оқырман назарына көлемді сұхбатымыздың жалғасын ұсынып отырмыз!