Бұл жолғы сұхбатымыз соғыс жылдарынан кейінгі қазақтың музыкалық мәдениеті хақында өрбиді. Соның ішінде қазақтың ұлттық симфониясының қалыптасуы, өнердің саяси шешімдерге тәуелді болуы, қазақ композиторларының музыкалық ізденісі жайлы болмақ. Осы және өзге де сауалдарға жауапты тарихшы, тарих ғылымдарының магистрі Дильназ Охасовамен бірге іздеп көрдік.