Қытай қазақ әдебиетінде Мағаз Разданұлы деген шоқтығы биік тұлғаның бар екенін зиялы қауымның бірталайы білгенмен, жалпақ жұрт жете тани бермейтіні рас. Ол өмірінің сәулелі кезеңін, нақтырақ айтқанда 34 жасынан бастап 20 жылды айдауда, түрмеде өткізген қаламгер. Сөйте тұра проза мен поэзияның екі аяғын тең бастырып, артына мол рухани мұра қалдырды. Оның қаламынан туған «Асулар толғауы», «Уақытқа жауап», «Босаға», «Ертең» қатарлы төрт жыр жинағы, «Ата заман сөйлейді» әңгіме-повестер жинағы, «Сары бел» атты өлең романы, «Алтайдың ақиықтары» атты тарихи романы мен «Арман-ай» драмасы оқырманның ыстық ықыласына бөленген-ді. 1924 жылы 2 сәуірде дүние есігін ашқан жазушының 100 жылдығы 2025 дейтін жаңа жылдың қойнауына екі аттап енгелі тұрған біз үшін аталмай кетуі бек мүмкін күйде тұр. Осы орайда Мағаз атамыздың көзін көріп, Шыңжаң телеарнасының «Шарапат» бағдарламасына талай видео өнім дайындаған тележурналист, режиссер, сценарист Қуаныш Ілиясұлын әңгімеге тартқан болатынбыз.