Біздің елдің басынан талай нәубет өтті. Екі аты барды да бай-құлақ санап, қудалап, асыра сілтеу мен күшке салудың арты қандай қасіретке соқтырғаны белгілі. Ауыл шаруашылығын күштеп ұйымдастырғанннан кедейлер мен орташа шаруалар қолындағы барынан айырылып, күштеп көшіріліп не болмаса Сібірге айдалып кеткені жайындағы деректер мен мәліметтердің салмағы жазуға қалам көтереді дегеннің өзінде өте ауыр. Ұжымдастыру, колхоздастырудан кейін келген аштықтың салдарынан қаншама қазақтың өмірі күл-талқан болып, шаңырақтар ортасына түсті, қаншама жас ұрпақ көктей солды. Бұның бәрін білуіміз керек. Күні ертең өсеміз, өркен жаямыз дейтін, өркениетті қоғам құрудан үмітті елдің үлкен-кішісі тарихты зерделеп, қазақ тарихының осындай қаралы даталары мен оқиғаларын біліп, халықтың басынан өткен қиыншылықтардан сабақ алуы тиіс.