Орал қаласының қақ ортасында орналасқан Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры – қала жұртшылығы мен қонақтары үшін сыртқы салтанаты келіскен, ал ішкі мазмұны бай әрі биік өнер ордасына айналғалы қашан. Жас көрермендер де театрға қуанып келеді, өйткені оларды да ерекше қызықты қойылымдар күтеді. Шетелдерде өткен өнер байқауларында бірнеше рет гран-при, жүлделі орындар иеленіп, республика театрларының ішінде өз орнын әлдеқашан белгілеген театрдың мақтаныштары – талантты актерлері. Олардың есімдерін ел біледі, шеберлігін талғамы биік көрермен бағалайды. «Қазақстан тарихы порталы» интернет-жобасы Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатовпен сұхбаттасқан еді.