ХХ ғасырдың бірінші жартысы қазақ халқы үшін аса сындарлы кезең болды деуге негіз бар. Жаңа ғасырдың басында қалыптасқан бірнеше толқын зиялылар ұлттың білім-ғылымын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін алға жетелеу жолында қыруар іс тындырып үлгергенімен, оларға заманы мүмкіндік бермеді. Әр жылдары қуғындау мен тәркілеуге, халық жауы ретінде жазықсыз жазаға ұшырап кетті. Алапат зұлматтан аман қалғандар арасында қан майданда қаза тапқандары да бар. Солардың бірі – Қоспан Қалиев.Қоспан Қалиев кім? Оның ел мен жерге жасаған игілікті істері қандай? Ұрпақтары, туыс-туғандары кім? Қарқаралы ауданы Темірші ауылының тұрғыны Хамза Хасенұлымен сұхбатымызда осы төңірегінде әңгіме өрбітетін боламыз.