Құланхан Жақыпов – елімізде ат спортының дамуына зор үлес қосқан азаматтардың бірі. 1998 жылы Астана қаласының тұсаукесер рәсіміне орай Арқа төсінде ұйымдастырылған Бүкілхалықтық ат ойындары спартакиадасында көкпардан баптаған командасы топ жарып, сіңірген еңбегіне орай еліміздің ұлттық спорт тарихында «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы» атағын алған алғашқы адам. Сонымен қатар оңтүстік өңірге танымал шабандоздардың бірі. Бұл көкеміз қазір зейнетінің жемісін жеп Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қайнар ауылында өмір сүріп жатыр. Жуықта Астана қаласында өткен 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде елордаға атбасын бұрған көкпаршымен жолығып, ұлттық спорт түрі көкпар жайында өрбіткен әңгіме желісін партол оқырмандарына ұсынып отырмыз.