Өткен сенбіде Францияда Павел Дуровтың тұтқындалуы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Мәселе ұсталған адамның жеке басы туралы емес, оның қолынан шыққан өнімдер – әлемнің көп еліне таралып үлгерген Telegram мессенджері мен TON криптовалютасы жайлы. Бүгінде 8 миллионнан астам белсенді қолданушысы бар Қазақстан да шудан шет қалған жоқ. Интернеттің басқа сегменттеріндегідей қазнетте де бір сұрақ қызу талқыланып жатыр: Telegram коммуникациялар үшін ең құпия алаң болып қала ма? Дәл осы сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстан Интернет ассоциациясының президенті Шавкат Сабировқа қойды.