Мағира Қожахметова: «Адамды билеп-төстейтін өз ойлары». 2-бөлім

Жазушы, публицист, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметовамен сұхбаттасуды көптен ойлап жүр едік. Қаламгердің екінші аты – тынымсыз ізденіс, табанды еңбек. Олай дейтініміз Мағира апайды ізденістен ізденіс туғызып, іргелі ғылымға жақындатар танымдық журналистиканың биігінен көреміз, мейлі ол түстер сыры, өнертану не әлдебір тұлғаға қатысты мақала болсын, қаламгердің обьектісін қабылдауы мен сезінуі бөлек, сол сезінгені ой-нәр болып жүрегінен сүзіліп шығып, қаламынан төгіледі, талдаса артық-ауыз сөзсіз терең бойлай түседі. «Жантәсілім» «Жападан-жалғыз», «Күннің алтын сынығы», «Жылы шырай» атты прозалық кітаптарынан бөлек, «Әлем-әуен» сияқты публицистикалық дүниелері бар. «Менің шашылған энциклопедиям» еңбегі интеллектуалдық сұранысқа жауап беретін үлкен еңбек. 2006 жылы қазақ поэзиясының анасы Мәриям Хакімжанованың III томдығын дайындап шығарған. Драмалық шығармалары бір бөлек тақырып. Әлі күнге мониторға үңіліп, саусақтары клавиатурада еркін ойнап, балаларға арналған «Балбұлақ» журналы мен «Дертке дауа» газетін шығарып келеді. Кезінде «Түс-саяхаттардың» үзінділерін «Ақжелкеннен» оқыдық, одан бөлек «Адам-құпияның» құпиясы бөлекше баураған. Қаламгер айтып жүрген жан, рух дегендер жай ғана абстрактілік ұғымдар емес, қазақтың дүниетанымымен байланысты, сонымен бірге адам санасының күрделілігінен хабар беретін терең таным. Соншама көп дүние жазған, соншама көп білімі бар, әр мақаласына құштар көңілмен кірісетін, ғұмырын жазуға арнаған адамнан сұхбат аларда жүрексінгеніміз рас. Адамның өзін көрмей, әңгімесін тыңдамай, тек жай жазғанын оқыған кезде автор ретінде ғана қарайсың, кейде көп адам өзінің болмысы басқа болады да, шығармасы басқа болып жатады. Сұхбат барысында өте қызықты, мазмұнды кітап сияқты әсер қалдырған апайдың кей пікірлері ойыңды қозғайды, мысалы, тәкаппарлық пен әділдіксүйгіштік бақытты болуға кедергі бола ма? Ойланып қаласың...

Читать источник e-history.kz
Камчаткада саяхатшылар мінген тікұшақ жоғалды
Еліміздегі мектептерде жаңа сабақ оқытылады
Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионы атанды
1 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Ұлттық Олимпиада комитеті Бақтияр Артаевты құттықтамады
31 тамыз күні ауа райы қандай болады?
Қазақстан Конституциясына енген реформалар Оңтүстік Корея тәжірибесіне келеді - сарапшы
Қазақстанның 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Конституцияда мемлекеттік құрылыстың негіздерін өзгертпеу керек - заңгер
Қазақ халқының дала заңдары
Салтанат Тұрсынбекова: Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау тетіктері нығайды
Тағы да Тоқмәди ісі немесе Алматыға бұрынғы ФБР директоры Луи Фри не үшін келді
Құпиялар құлыпталған Telegram «кілті»: Дуровтың мессенджері бізге қауіпті ме?
Қазақ тілін үйренудің ешқандай қиындығы жоқ - Ассамблея өкілі
Жания Бодау: Тәуелсіз сот төрелігі бар жерде адвокатура да дамиды
Балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуіміз керек - балабақша меңгерушісі
Оқушылардың цифрлық сауатты болғаны маңызды - жас педагог
Ұларбек Дәлейұлы: Жошы ханның өліміне әкесі Шыңғысханның еш қатысы жоқ
Адвокат Тұраров пен оны айыптаған қызбен не байланыстыратынын айтты
Бөріхан Нұрмұхамед: Ұлттық құрылтай бірегей алаңқай болып отыр
Жаңа талаптар журналисті аккредитациядан айыруы мүмкін – медиасарапшылар дабыл қақты
«Made in Kazakhstan»: Қымыз бен құрт өндіретін Түркістан облысындағы тұтас бір әулет
Ажырасу – бізде ең оңай процедура болып кетті – заңгер
Қарағанды облысы Шахтерлер күнін тойлауда