«Қазақ – небір зұлматтарды бастан кешкен халық. Соның ішінде қазақ жерінде бір емес, бірнеше рет болған ашаршылық санымызды азайтып қана қойған жоқ, бірнеше ұрпақ бойы ұлттың сапасына да кері әсерін тигізді. Біз бұл жерде 1920-1930 жылдардағы ашаршылықты ғана айтып отырған жоқпыз. Советтік кезеңдегі біздің ұлтымыздың аштығын айтып отырмыз: қазақ сол кездегі әртүрлі аштықтың салдарынан қазірге дейін өз салтына, өз мәдениетіне, өз тіршілігіне, өз болмысына аш». Бұл советтік кезеңдердегі жұтаңдық, ашаршылық және езіп-жаныштаудың психологиялық салдарын саралап жүрген маманның пікірі.