Қиыр қонып, шет жайлаған қазақтың көп дүниесі хатқа түспей, тастарда там-тұмдап қана қалды. Есте жоқ ескі заманды былай қойғанда жазу-сызу болған бертінгі ғасырлардағы хандар дәуірінен жеткен қазына да тым аз. Қуантарлығы сол, бүгінде көне көршілерден көп дүние табылып жатыр. Бұндайда күн-түн демей зерттеу жасап жүрген, бір неше көне тілді жетік меңгерген шығыстанушы, қытайтанушы ғалымдардың еңбегі ұшан-теңіз. Солардың бірі – ғалым, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы. Бүгінде Жапония елінде тұратын, Токио шетел тілдері университеті Азия және Африка тілдері мен мәдениетін зерттеу институтының визитинг-порфессорымен хат арқылы әңгімелесудің сәті түскен еді.
Басқа