Орыс отарының жанымызға салған жарақаты әлі күнге дейін жазылған жоқ. Денеге басылған таңба өшер, өзгерер, бірақ санаға басылған таңба өшуі мүмкін бе? Сол мөрдің төс табанындағы штрих белгі (таңба) бәлкім, құлдық психология шығар. Бұл белгі біздің санамызға бұдан бірнеше ғасыр бұрын бедерленген еді. Әрине, ойлап кетсең омырауың сыздайды. Сонымен орыс империясы қазақ даласын қандай жолдармен бағындырды, осы бағытта нендей стратегиялық айла-шарғыларға барды? Мінекей, осы сұрақтар төңірегінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бауыржан Бердіқожаұлымен аз- кем әңімелескен едік. Аталған сұхбатты өздеріңізге ұсынып отырмыз мәртебелі оқырман қауым...