Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі. Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері Сәуле Досжанның полигоннан зардап шеккендерге арналған «Қасірет пен тағдыр» романы жапон тіліне аударылған болатын. Қазақ тілінен тәржімалаған Масуджима Шигенебоу Сан. Осы орайда автордың өзімен романы, шығармашылығы туралы сұхбаттасқанды жөн көрдік.