Қазақ соңғы үш ғасырда небір азапты көрген халық. Өткен ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патшалық Ресейдің аяусыз отарлауына ұшыраса, ХІХ ғасыр басында пайда болған большевиктік билік кезінде аштықтан, таптық жазаланудан және орынсыз қудаланудан көз ашпады. Осылардың ішінде халқымыздың демографиясы мен рухани кеңістігіне аса ауыр соққы болып тиген оқиға – өткен ғасыр басында екі дүркін орын алған ашаршылық. Осы орайда, аталмыш оқиғаны ұзақ жыл зерттеген және осы тақырыпты өзінің көркем әдеби кітабына («Ақбоз үй» романы) арқау еткен қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы һәм Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, жазушы-кинодраматург Смағұл Елубаймен жүргізген сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Басқа





































