40 жылдан аса Шыңжаң Халық баспасында еңбек еткен белгілі баспагер, қытайша-қазақша сөздіктер кешенінің негізін қалаушы кәсіби аудармашы, арғы бетте С.Найман деген атпен танылған Найманғазы Сапанұлының жақында «Ауылдан алыс сол жылдар» атты ғұмырнамалық эссе-кітабының тұсаукесері Астана қаласында өтті. Алыстан ат терлетіп келген қазыналы қартпен өз өмірі, шығармашылығы, Қытайдағы қазақ аудармашылығы мен баспалар жайында әңгімелесудің сәті түскен болатын. Сол сұхбатымызды екіге бөліп назарларыңызға ұсынамыз.