Белгілі баспагер, кәсіби аудармашы, қытайша-қазақша сөздіктер кешенінің негізін қалаған тіл ғалымы С.Найман Астанаға сапары кезінде «Қазақстан тарихы» порталында қонақта болып, YouTube арнамызға сұхбат берді. Әңгіме барысында жарты ғасырға жуық аудармашылық, баспагерлік салада тер төккен қаламгердің шығармашылығы, Қытайдағы қазақ аудармашылығының басталуы мен дамуы айтылып, баспалардың тарихына аз-кем тоқталдық.